Дүйсенбі
сәу 15

"Адал Ұрпақ таныстыру" Ұялы телефон арқылы таныстыру

Нұрбол.

 Сөзіміздің басын Ыбырай Алтынсариннің

Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды – деген өлең жолдарымен байланыстырғымыз келеді. Себебі, бұл өлең жолдары  қазіргі заманды болжағандай. Барлықтарыңыз білесіздер, қазіргі таңда жылдам хабар алуға арналған бірден-бір құрал бұл смартфон, яғни күнделікті қолданып жүрген ұялы телефон.  Осы ұялы телефонның ішіндегі реттеп тұратын оның ішіндегі баптаулар. Ал біздің жұмысымыздағы баптаулар, жұмысымызды жүйелейтін, мақсат міндетімізді айқындайтын, әрине ол ұйым жетекшісі болып саналады . Жетекшіміздің міндеті бізге жол көрсетіп, бағыт бағдар беру болса, біздің міндетіміз баптаулардың ішіндегі   әр қолданбаның өзінің атқаратын жұмысы бар. Сол сияқты біздің ұйымның  мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттерібар. Соларға тоқталсақ:

Назерке.

  1. Face ID құпия қод, бұлсыз біз телефонда ешқандай жұмысты бастай алмаймыз.  Осы құпия кодты біз өзіміздің мақсатымыз бен міндетімізге теңестіреміз. Егер де кодты дұрыс термесек жұмысымыздың ашылмайтынын білсек мақсат, міндетімізде дәл солай, анық, айқын нақты болғанда ғана ашылады. Ендеше бүгін біз өз құпия кодымызбен таныстырайық. 

Біздің  ұйымның мақсаты:

  1. Рухани адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.

Міндетіміз: 

  1. мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Кәусар.

  1. Күнтізбе дегеніміз – уақыт сыры, себебі әр адамның қолындағы смартфон 21 ғасыр валютасы уақытты айшықтап көрсетеді. Себебі жұмыс жоспарымызды күнтізбеге негіздейміз. Біздің жұмысымызда жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттерді негізге ала отырып, «Адал Ұрпақ» ұйымының әр оқу жылына жұмыс жоспары  бекітіледі, сондай-ақ, оқушыларды клуб мүшелігіне қабылдау жұмыстары  жүргізіледі. Жұмыс жоспарына сай  «Адал ұрпақ» патриоттық клубы мүшелерінің отырысы, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, пікірталас практикумдары, елімізге танымал тұлғалармен кездесулер оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру бағытында өткізілуде.

 

 

  1. Кез келген адам өз смартфонында ең жақындарын, таныстарын,  яғни өмірде тоғыстырған контакттарды сақтайды. Ал біз өз жұмысымызда осы контакттарға үштік одағымызды арқау етеміз. Яғни ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қатынасты офлайн және смартфонмен онлайн түрде байланысқа шақырамыз. Осындай қолжетімді жұмыс нәтижесі өз жемісін беруде.

 

Гүлбосын.

  1. Ақпараттық қоғамның ең дамыған тұсы, Wi-Fi –интернет желісі. Интернет желісінің көмегімен біз өз жұмысымызды конференция, дөңгелек үстел, пікір сайыс секілді шараларды тарату, яғни әлеуметтік желілерде жариялаудамыз. 

 

  1. Ұялы телефонды қолдануда баптауларға шектік жоқ. Дегенмен де, смартфон қолданушылары өз құпияларын осы телефондарында сақтайды, және оның басқаның назар салуына жол бермейді. Сол сияқты біздің жұмысымызда құпиялық пен қауіпсіздік қызметтері, атап айтсақ, электронды QR кодталған сенім жәшігі мен CALL центр қызметі жұмыс жасайды. Ондағы мақсатымыз ең сенім білдіретін, анонимді қауіпсіздікте еркін байланыс орнату. Міндеті кибербуллинг пен буллингтің алдын алу.

 

Бір ұл.

 

  1. Біз смартфонымызды жиі қолданған сайын қуаттағышы яғни аккумуляторы азайып, жұмысын тоқтатуы мүмкін. Алайда біз оны тоқ көзіне қосып қайта қуаттап аламыз. Ал біздің жұмысымызда аккумулятор ол біздің көптеген жұмыстар барысында қуатталып отырады. Аккумулятор баптауын басқанда 24 сағат және 10 күнде смартфон иесінің қаншалықты жиі қолданғандығы туралы мониторинг көрсетілсе, біздің аккумуляторымыз 24 сағат пен 10 күндегі іс-шаралардың адал ұрпақ мүшелерінің атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктері бойынша мониторингіленіп отыратынын айтқымыз келеді.
Пікірлер (0)

Оставить комментарий
Меню