Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Ол үшін мектепте мынадай мақсаттарды алдыға қоямыз:
- Жеке тұлғаның жоғары адамгершілік қасиеттерін дамыта тәрбиелеу;
- Музыкалық кәсіби білім беру;
- Шығармашылыққа жағдай жасау;
- Дарынды балалардың мүмкіндігін ашу;
- Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу;
- Оқушының бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру.
Мектепте спорттық үйірмелер де бар. Атап айтсақ, баскетбол, валейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, гандбол, жеңіл атлетика, фудбол. Аталған үйірмеге қатысатын оқушылар әр түрлі жарыстарға қатысып, мектеп қоржынын түрлі деңгейдегі орындар мен марапаттарға толтыруда.
Мектепте оқушылар арасында «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Өзін-өзі басқару» ұйымы, «Қызғалдақ» қыздар ұйымы, «Мұрагер» ұлдар ұйымы, «Адал ұрпақ», «Ұшқыр ой алаңы» дебат ұйымы құрылған. Аталған ұйымдарда жылдың басында жоспар құрылып, жоспар негізінде әр түрлі жұмыстар жүргізілуде.
13-қыркүйек күні тілдер онкүндігіне орай жоғарғы сынып оқушыларымен, мектептің өзін-өзі басқару ұйымымен «Тіл мәдениеті және тілдік норма» тақырыбында танымдық кездесу өткізілді. Мақсаты:
- Ана тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік, сондай-ақ өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып білу;
- Білім алушылардың бойында отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- Өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру мақсатында
Шараға, Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы – Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев мырза, Жетісу облысы «Тіл» оқу - әдістемелік орталығы, Тілдерді оқыту,талдау, мониторинг бөлімінің басшысы – Мөлдір Дәулетбекқызы Қуандық, Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мемлекеттік тіл курсының оқытушысы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық «Үздік оқытушысы» байқауының І орын жүлдегері Жанар Әлмұхаметқызы Елесбаева қонақ ретінде шақырылды. Танымдық кездесу келген қонақтардан қажеті көп мәліметтер алып, оқушылардың рухани дамуына көп әсер етіп, жоғары дәрежеде өтізілген шара болды.
Тілдер онкүндігіне орай ұйымдастырылған Республикалық «Туған тілім – бабам тілі – өз тілім» атты челлендж ді мектебіміздің оқушылары қолдап, тіл туралы өлең жолдарын оқыды.
Мәдениет және қамқорлық фракциясының ұйымдастыруымен 1 қазан - Қарттар күніне орай «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, қонаққа ауылымыздың әжелер ансамблі мен ақсақалдарымыз шақырылды.
Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Оқушыларымыз ән айтып, би билеп, домбырамен күй шертіп, өнерлерін ортаға салып, әжелеріміздің жылы лебізіне бөленіп, аталарымыздың ақ батасын алды.
Қазан айының 6 күні мектебімізде мәдениет фракциясының ұйымдастыруымен Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз – мектептің жүрегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Мерекелік концертке ардагер ұстаздар шақырылды. Салтанатты жиынды мектеп директоры құттықтау сөзімен ашып, ұстаздарды әр түрлі мадақтама грамоталарымен марапаттады. Оқушылар әннен шашу шашып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Қазан айының 06 - күні мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.
Мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күнін (бұдан әрі – Дублер күні) өткізу ережесі оның мақсатын, міндеттерін, өткізу форматы мен тәртібін айқындалды..
Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
Алдын ала мектебімізде “Дублер күнін” өткізу туралы бұйрық шығарылды. Бұйрықтың негізінде мектеп әкімшілігі мүшелерінің орнына мектеп парламенті жетекшілері тағайындалды. Дублер күні кезінде лауазымы мектеп оқушысы ауыстырылатын тұлғалар оларды ауыстыратын мектеп оқушысымен егжей-тегжейлі нұсқаулық өткізілді. Алдын ала стенд дайындап, сол күні әкімшілік мүшелерінің қызметін атқаратын оқушылардың суреттеріне аты-жөндері, лауазымдары жазылып және дублер күнін өткізу ережелері ілінді. Әр пән мұғалімдері алдын ала орындарына сабақ беретін оқушылардың тізімін 10-11 сыныптардан алып берілді. Дублер күні мектептің ұстаздары тек бақылаушы ретінде сабаққа қатысты. Мектеп қызметкерлері ішкі тәртіп ережелерін сақтай отырып, өз жұмыс орындарына бақылаушы ретінде қатысты. Оқушылар үшін ерекше ұмытылмас күн болып есте қалғандарын айтты. Дублер күнінің қорытындысы бойынша өткізілген іс-шараның жағымды және жағымсыз жақтарын анықтау үшін білім алушылар мен педагогтер тарапынан айтылды.
Қазан айының 13 - күні мектебімізде «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кеші 8-10 сыныптар арасында «Маска» шоу форматында өтті. Мақсаты: Оқушылардың әртістік қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу.
Осы жылғы күзгі балдың басты ерекшелігі қатысушы сыныптардың ішінде бір оқушы бастан аяқ таңдалып алған жеміс не көкеніспен жасырын түрде қатысып, кештің соңында әділқазы алқалары қай сыныптан қай оқушы қатысқанын тауып, өз бағаларын берді. Кеш өте қызықты өтті.
Бас жүлдені 10 «А» сынып «Қарбыз» тобы, І орынды 8 «Б» сынып «Сәбіз» тобы, ІІ орынды 10 «Ә» сынып «Қызанақ» тобы, 8 «Ә» сынып «Асқабақ» тобы, 9 «А» сынып «Таңқурай» тобы, Ш орын 9 «Б» сынып «Құлпынай» тобы, 8 «А» сынып «Жүзім» тобы, 9 «Ә» сынып «Саңырауқұлақ» тобы иеленді.
Мектебімізде 24 - қазан күні Қазақстан Республикасы күніне орай мектеп парламентінің қатысуымен «Республика! Ерікті ел Қазақстан» атты мерекелік іс шара өтті.
Шараның мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу, сондай – ақ өз елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.
Мерекелік концерт шағын көрініспен бастау алып, мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, оқушылар өз өнерлерін көрсетті.
24 – қазан күні Қазақстан Республикасы күніне орай «Өзін-өзі басқару» ұйымы құттықтау челленджін түсірді. Ізгі тілектерін білдірді.
18 – қараша күні спорт және салауатты өмір фракциясының ұйымдастыруымен «Темекі шегу – өміріңе қауіпті» тақырыбында 6-11 сынып оқушыларына жаднама таратып, кеңес жұмыстарын жүргізді.
4-желтоқсан күні «Жеті жарғы» бағыты мен құқық және тәртіп фракциясының ұйымдастыруымен 4-желтоқсан күні «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында мектеп инспекторымен бірлесе дөңгелек үстел өткізілді.
7 –желтоқсан күні «Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен үзіліс кезінде 5-6 сынып оқушыларына «Көңілді қоңырау» өткізді. Караокемен ән айтқызып, көңілді би биледі.
«Жас ұлан» ұйымының «Отан» бағыты мүшелерінің ұйымдастыруымен 21 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігіне 32 жыл толуына орай «Ән салайық, біз бірге!» атты патриоттық ән байқауы өтті. Мақсаты: оқушылардың патриоттық сезімін ояту, өз ана тілінің құдыреттілігін таныту. Қазақ компазиторларының әндерін нақышына келтіріп, әуенін, ырғағын көркемдеп жеткізуге баулу. Оқушыларды туған жерін, туған елін, туған тілін сүюге тәрбиелеу. Байқауға 1-7 сынып оқушылары қатысып, Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды.
26 желтоқсан мектебімізде 5-6 сынып оқушыларына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өтті. Жаңа жылдық шырша кеші әсем безендірілген залда мектеп парламенті мүшелері, белсенді оқушылардың атсалысуымен, думанға толы салтанатпен өтті. Театрландырылған шоу көрсетіліп, көңілді флешмоб өткізілді. Әртүрлі кейіпкерлердің киімін киіп келген балалар думанды кешке атсалысып, ән-билерін көрсетіп, өнерлерімен ерекшеленуге тырысты. Аяз ата мен Ақшақар өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндерге сыйлықтарын беріп, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.
26 желтоқсан мектебімізде 7-8 сынып оқушыларына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көңілді флешмоб, қызықты ойындар өткізілді.
Дәстүрге сай Аяз ата мен Ақша қар келіп, балалардың өнерін тамашалады.
Келе жатқан 2023 жаңа жыл баршамызға құтты болсын. Жаңа жыл жақсылықтарға толы болсын!
27 желтоқсан 9-11 сынып оқушыларына "Жаңа жыл, жаңа жыр" тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеш басында мектеп өміріне белсене ат салысып жүрген «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері алғыс хаттармен марапатталды. Оқушыларға концерттік бағдарлама ұсынылып, жаңа жылдық ұтыс ойындары ойнатылып, балалар түрлі сыйлықтар иеленді.
Ұсыныс:
- Сынып жетекшілер оқушыларды сыныптан тыс шараларға тарту;
- Мерекелік шараларға оқушылардың қызығушылығын арттыру;
- Оқушылардың бос уақытында кітап оқуға тарту.
Осыған ұқсас материалдар
«Оян, ар мен адалдық» тақырыбындағы ҚМЖ...
Мектептің бес жылдық жоспарына Миссиясы және пайымы...
Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы 1995 жылдың 7-ші қарашасында Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Әкесі Өскенбаев Серікбай Естібайұлы қазір зейнеткер, анасы Өскенбаева Нұрсұлу...