Ардақты да аяулы аруларымыздың, аналарымыздың мерекесі
8 наурызда оқушылардың ұстаздары мен аналарына арналған
«Ана-өмірдің шуағы» атты кешінің сценарийі
Өтетін орны: АКТ залы
Өтілетін мерзімі: 26.02.2024 ж
Уақыты: 15:00
3-6, 9, 10 сыныптар «Ана» әні хормен бастайды.
1 - жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, Құрметті ұстаздар, қымбатты аналар мен арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік «Ана-өмір шуағы» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
1 - жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Мусанов Ернар Жауынбайұлына беріледі.
2- жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - дей отырып абзал аналарымыз бен ұлағатты ұстаздарымыздың құрметіне – «Айжұлдыз» шағын орталығының орындауында « » әнімен қарсы алыңыздар!
1 - жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, – деп «Айжұлдыз» шағын орталығының орындауында « » биін қарсы алыңыздар!
1 - жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті 2 «Ә» сыныбының мың бұралған бишілеріне «Гүлдер» биіне кезекті береміз.
2 - жүргізуші:
Ақ мамамды әрқашан
Сағынамын,сыйлаймын
Мейрам сайын мен оған
Түрлі сыйлық сыйлаймын!-дей келе, қошеметпен 2 «Б» сыныбының орындауында « » әнін қабыл алыңыздар.
2- жүргізуші:
Алақаны жылылықтан балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – 2 «А» сынып оқушылардың орындауында «Домбыра» биін қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп 2 «Б» сыныбының орындауында «» әнін қарсы алыңыздар!
1 - жүргізуші:
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, - дей отырып 3 «Ә» сыныптың орындауында тамаша « » биді қабыл алыңыздар.
«Бала, бала, бала» деп,
Бізді өсірген анашым.
Гүлге толып, құшағың,
Бақытты бол, анашым – деп 3 «Ә» сынып оқушыларының орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар!
2 - жүргізуші:
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып – дей келе 3 «А» сынып оқушыларының орындауында «Ана - әке» әнімен қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші:
Жарты жанын бөліп беріп балаға,
Ақ сүтімен әлдилеген бар ана.
Қиын күндер кешсе дағы басынан,
Міндет етпей жүрген адам сол ғана.
4 «А» сынып оқушысы Қайырды Анияның орындауында, қобыз аспабымен «Көзімнің қарасы» қарсы алыңыздар!
4 «А» сынып оқушыларының аналарына арнап дайындаған өлең жолдарын тамашалаңыздар.
2-жүргізуші:
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе «Брилиант» би тобының орындауында «Майкл джексон» биін тамашалаңыздар!
1- жүргізуші:
Ана жайлы - қара жердің төзгені,
Ана жайлы - уақыттың безбені,
Ана жайлы айтылмаған бір сөз болса əлемде,
Ол да ананың айта алмаған сөздері – дей келе 5 «Ә» сынып оқушыларының аналарына арнап жолдаған өлең жолдарын қабыл алыңыздар!
2- жүргізуші:
Келесі, 5 «Ә» сыныптан Асан Айзере мен 8 «А» сынып оқушысы Құдайберген Балнұрдың орындауында «Қызғалдақтар» биін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Келесі, «Қыздар» би тобының орындауында «Ұйғыр» биін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: «Квинтет» тобының орындауында «» әні, қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші:
Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!
2 - жүргізуші:
Осымен бүгінгі «Ана-өмір шуағы» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!
Осыған ұқсас материалдар
Гиперсылқа арқылы жасалынған ойын Мақал-мәтелді жалғастыр және жұмбақтың жауабын тап....
...
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Балалар шексіз әлемде» атты тақырыбына орай өткізілетін іс-шаралар жоспары...