«Мұрагер» ұлдар ұйымы отырысының
№ Хаттамасы
Күні: 08.09.2023 ж.
Төрағасы: Туйебаева Г.
Хатшысы: Бөкенова Г.
Қатысқандар: 5-11 сынып ұлдары
Күн тәртібінде:
- «Мұрагер» ұлдар ұйымының 2023-2024 оқу жылындағы ұлдар ұйымының жоспарымен таныстыру;
- Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды: Бірінші мәселе бойынша, Г.Туйебаева ұйымының 2023-2024 оқу жылына арналған жоспарымен таныстырып өтті. Мектепшілік, қалалық, облыстық іс-шараларға қатысуға, белсенділік танытуға шақыра отырып, елжандылыққа, мәдениеттілікке, адамгершілікке баулу мақсатында көптеген қоғамымызда болған жағдайларға мысалдар келтіріп, отырысқа қатысушылармен пікір алмасты, биылғы жылы атқарылатын шаралармен таныстырады.
Тыңдалды: Әр түрлі мәселелер бойынша, спорт секторларының жұмысы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұл балаларға қатысты жүріс-тұрыс, киім, шаш үлгісі сынды тақырыптарында кеңес берілді.
Шешімі:
- «Мұрагер» ұлдар ұйымының 2023-2024 оқу жылына раналған жоспар бойынша жұмыстар жүргізілсін;
- Ұлдар ұйымының жетекшісі ретінде АӘД пәнінің мұғалімі М. Тұрысбеков бекітілсін;
- Отырыс хатшысы 8 «А» сынып жетекшісі Г. Бөкенова тағайындалсын.
Отырыс төрағасы Туйебаева Г.
Хатшысы Бөкенова Г.
«Мұрагер» ұлдар ұйымы отырысының
Хаттамасы
Күні: 10.10.2023 ж.
Төрағасы: Туйебаева Г.
Хатшысы: Бөкенова Г.
Қатысқандар: 5-11 сынып ұлдары
Күн тәртібінде:
- Ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі.
- Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі қойылған мәселелер бойынша директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Баймуханова мектептің iшкi тәртіп ережелерін таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуын, қарым-қатынас мәдениетін, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен жалғасты. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік берілді.
Тыңдалды: Әр түрлі мәселелер бойынша, спорт секторларының жұмысы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұл балаларға қатысты жүріс-тұрыс, киім, шаш үлгісі сынды тақырыптарында кеңес берілді.
Шешімі:
- Ұлдардың сабаққа қатысуы қадағалансын;
- Сынып жетекшілер сабаққа кешігіп келетін оқушыларды қадағалау, тізімге алу, кешігудің алдын алу жұмысы жандандырсын.
- Сынып жетекшілер ата-аналармен байланысты күшейтсін.
Отырыс төрағасы Туйебаева Г.
Хатшысы Бөкенова Г.
Осыған ұқсас материалдар
Сұрақ-жауап...
Сабаққа қажетті қолданбалар, QUIZIZZ-тест пен дидактикалық ойындар...
Хаттама...