«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен 8 «Б» сыныбының 2023-2024 оқу жылындағы ІІ – тоқсанның қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ №3
Күні, айы, жылы: 29.12.2023 жыл
Барлығы 19 ата-ана, Қатысқаны-15 ата-ана
Күн тәртібінде
- ІІ- тоқсанның қорытындысы
- Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау
- Әр түрлі мәселелер
Жиналыс барысы:
Бірініші мәселе бойынша сынып жетекші Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы онлайын фортматта таныстырды. 2023-2024 оқу жылының II тоқсанын 19 оқушымен бастадық. Сыныпта 9 қыз бала, 10 ұл бала бар. Оқушылардың II - тоқсан бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп, I тоқсанмен салыстырғанда өзгеріс болған жоқ. Оқу үздіктері 3 оқушы, оқу екпінділері 6 оқушы. ІІ тоқсан қорытындысы бойынша сыныптың жалпы үлгерімі 52% құрады. Атап айтсам оқу үздіктері: Балхаш Амина, Жанат Алтын, Зейнелқаби Аружан.
Пән бойынша үлгерім сапаларын айтылды. Әр ата-анаға оқушылардың оқу үлгерімі таныстырылды..
Екінші мәселе бойынша қысқы демалыс уақытында оқушылардың өмір қауіпсіздігіне ата-ана өз баласының қауіпсіздігіне жауапты екенін ескертілді.Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата-аналарға үгіт насихат жұмыстар жүргізілді. Кешкі сағат 18.00 кейін үйде болуына және дүкен және т.б көпшілік орындарға оқушыларды жібермеуі ескертілді.
Демалыс кезінде баланың өміріне жауапкершілікті ата-ана өз мойына алады.
Отпен, электр құралдарымен ойнамау ,қауіпсіздік ережесін сақтау. Қысқы демалыста қала сыртындағы сырғанаққа,коньки тебуге ата-ананың рұқсатынсыз бармауы туралы ескерттілді. 29.12.2023ж. – 08. 01.2024 ж. дейін сынып жетекшісі оқушылардың өміріне жауапты емес екендігін ескертті.
Үшінші әр түрлі мәселе бойынша оқушылардың оқулықтарды таза ұстау, кітап, күнделіктерін толтырып жүру мәселелері қарастырылды. Балаларыңыздың сабаққа қатысуын күнделікті қадағалауын, ауырған жағдайда сынып жетекшіге ескертіп, жергілікті мекен жай бойынша дәрігерге баруын ата-ана өз жауапкершіліген алуын ескертті. Күнделікті мектепке келгенде балалар бетпердемен келіп, 2 сағат сайын бетпердені ауыстыруын және өздерімен бірге антисектик алып жүруін міндеттеді. Оқушыларды сабақ басталған уақытта ата-аналары оқушылардың қауіпсізгіне мұқият болу керектігі ескертілді.
Шешімі:
- ІІ- тоқсанның қорытындысы қанағаттанарлық деп табылсын;
- Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау жүзеге асырылсын;
- Уақытымен күнделік.кз кіріп, баланың сабақ үлгерімін бақылауда ұстау;
- Әр түрлі мәселелер бойынша жұмыс атқарылсын.
Сынып жетекшісі: Өскембаев Е.С.
Хатшы :
Осыған ұқсас материалдар
Сынып сағатының жоспары ҚМЖ...
Сабақ жоспары, дидактикалық материал, презентация, видео Қазақ-жоңғар шайқастары. Зерттеу сұрағы: Неліктен Аңырақай шайқасы қазақ-жоңғар соғысындағы түбегейлі бетбұрыс деп саналады?...
«Республика! Ерікті ел Қазақстан»...