Сейсенбі
сәу 09

«Қазақстан тарихы» БЖБ 7 сынып Қазақстан Ресей империясы ның құрамында

«Қазақстан тарихы» 

БЖБ 7 сынып

  1. Деректерді және өз біліміңді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз

 

«... Хан Абылай атандың, Дүниеден шықпай еш мінің, Алтын тақтың үстінде

Үш жүздің басын құрадың, Жетім менен жесірге Ешбір жаман қылмадың.

Әділдікпен жүрдің сен, Әдепті іске кірдің сен...»

 

Бұқар жырау

Қазақтың ханы Абылай, Абылай ханым, бұл қалай? Ақиықты аспанға Ұшпастай ғып торлады.

Құлағанға ұқсайды Қазақтың қамал-қорғаны. Қайғырмаңыз, ханзадам, Айтпасыма болмады, Батырың өтті - Бөгенбай!

Үмбетей жырау

 

  1. Еңбектердің негізінде қазақ хандығының қоғамдық-саяси жағдайын түсіндіріп, дәлел келтіріңіз:                                                                                                                             

 

 

 

  1. Берілген үзінділер арқылы қоғамдағы тарихи тұлғалардың рөлін түсіндіріп, дәлел келтіріңіз:                                                                                                                             

 

 

 

  1. Тарихи деректердің құндылығын бағалаңыз:                                                                 

[5]

 

 

 

  1. Деректі және өз біліміңді қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз

 

І Петрдің XVІІІ ғ. басында Қазақ хандығы туралы «…барлық Азия елдері мен жерлеріне кірудің кілті мен қақпасы дәл сол орда (Қазақ хандығының) Азия елдерімен қатынас жолымыз болуы үшін қазақ ордасы Ресейдің қол астында болу керек» деген болатын. XVIII ғасырдың қазақ хандығында ішкі және сыртқы қайшылықтар шиеленісіп, Кіші жүз ханы Әбілхайырдың Ресей жеріне елші жіберуіне себеп болды. Осы оқиғадан бастап Ресей империясының қазақ жерін отарлауы басталды.

Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты әскери шептер құрылысын тездетіп салу және тұрақты казак-орыс мекендерін құру саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізді. Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жол ашты. Ресей мемлекеті алым- салықты көбейтіп, патша әкімшілігінің, жергілікті өкілдердің пайдасына халықтың малын, қаржысын алып, бағынышты етіп ұстады. Қазақ шаруалары зорлық-зомбылыққа көнгісі келмей ұлт-азаттық қозғалысының басталуына әкелді

  1. Ресейдің қазақ жерлерін отарлауының себебін түсіндіріп, дәлел келтіріңіз.                 

 

 

 

  1. Ресей империясының қазақ жерін отарлау үшін қолданған әдісін талдап, дәлел келтіріңіз:                                                                                                                              

 

 

 

  1. Төмендегі дереккөздерге сүйеніп, Сырым Датұлы   қызметіне баға беріңіз. 

Қазақ батыры ретіндегі қызметі________________________________________       

 

            

 

 

Көтеріліс жетекшісі ретіндегі қызметі______________________________________   

 

 

 

 

4. Патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы Сырым Датұлы бастаған көтерілістің себептері мен тарихи маңызын жазыңыз.

Көтерілістің шығу себебі

Көтерілістің тарихи маңызы

1

 

 

1

 

 

 

2

 

 

 

 

2

3

 

 

 

3

 


 

Тапсы рма №

Жауап

Балл

Қосымша

ақпарат

 

 

 

 

 

1

ХVIII ғасырдың басында қазақ жері сыртқы жаулардың шабуылдары үдеп, қазақ халқының басына қиын жағдай орнады. Қазақ хандығы жоңғар шапқыншылығына ұшырап, ауыр жағдайды басынан өткерді. Осы кезде қазақ хандары мен батырлары бірігіп, жоңғарларға тойтарыс беру үшін

күш біріктіріп, жерін аман алып қалған болатын

 

 

2

Білім алушының берілген мазмұнға сәйкес дұрыс жауаптары қабылданады

Абылай ханның жүргізген ішкі және сыртқы саясатын тұрақтандыруға   бар    күшін    салды.    Жоңғарларға                               қарсы

соғыста ерлігімен көзге түсіп, бас қолбасшы болған Бөгенбай Абылай ханның жақын серігі болған.

 

2

Деректің    құндылығы    сол    кездегі    Қазақ                   хандығының жағдайын , Абылай ханның өмірі мен саясаты, қазақ-

жоңғар соғысы жайында шынайы ақпарат береді.

 

1

 

 

 

 

 

 

 

2

Ресей империясының қазақ жерін отарлаудағы мақсаты

өзінің территориясын Азияға қарай кеңітіп, Қытай мемлекетімен сауда-саттықты дамытқысы келді.

 

2

Білім алушының берілген мазмұнға сәйкес дұрыс жауаптары қабылданады

Бекіністердің салынды, қазақ жерінде отарлау саясатының басты тірегі казактар болды. Орынбор, Жайық, Сібір, Жетісу казақтары құрылды. 1716 жылы Жәміш, 1718жылы Семей, 1720 жылы Өскемен бекіністері салынып, шұрайлы

жерлер тартып алынды

 

 

2

Ресей империясы қазақ жеріне өз билігін орнатқан соң, жергілікті халықтың жерін тартып алып, салық көлемін

арттырды. Осыған байланысты С.Датұлы, К.Қасымұлы сияқты тұлғалар көтеріліске шықты.

 

2

Дәстүрлі қоғамдық-саяси жүйе бұзылды. Қазақ жеріне өзге ұлт өкілдері көптеп қоныстану салдарынан бүгінде

Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналды.Елімізде қазір 130-ға жуық ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр.

 

2

 

 Сілтемені басып жүктеп алыңыз! 

Пікірлер (0)

Оставить комментарий
Меню