Зерттеу дегеніміз не?
Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс әрекеттегі зерттеу. Ол бірнеше циклді қамтиды ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» болып табылады.
Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімі мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде яғни негізгі кәсіби қауымдастық құрұ және желілік қоғамдастық құру.
Силастық қарым- қатынаста топ құрады.
Жоспар құру.
Зерттеу обьектісін анықтау.
Дерек көздерін тиімді пайдалану, қорыту.
Бақылауға алынатын сыныптар және оқушылар.
Зерттеу сабағын жоспарлау нәтижесін қадағалау.
Мұғалім мен оқушы , мұғалім мен мұғалім сұхбаты.
Талқылау:
а)бақылаудағы оқушыларды қадағалау және айырмашылықтарды анықтау.
ә)сыныптың тұтастай оқытылуы
б)зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі
в)келесі зерттеу сабағының мақсатын белгілеу
Топпен бірлескен келесі L.S. сабағын жоспарлау.
Lesson Study қадамдары қандай?
LS тобының жұмысын мынандай қадамдардан ұйымдастыруға болады деген ұсыныс жасаймын:
І. Сабаққа дейін.
1) LS тобын құру.
2) Lesson Study-дің мақсатын және күтілетін нәтижелерді айқындау.
3) Таңдалған проблема ауқымында коучинг өткізіп, мәселенің теориялық мазмұнын ашу, мүмкін шешімдерін таңдау.
4) Сабақты бірлесе жоспарлау.
5) Бақыланатын оқушылар мен шағын топтарды, бақылау барысы мен интервьюде қолданылатын құралдарды таңдау.
6) Оқушылардан сабаққа дейін сұхбат алу (бұл қадам міндетті емес).
7) Оқушылардан алған интервью негізінде сабақ жоспарына өзгертулер енгізу (егер оқушылардан сабаққа дейін интервью алынбаса, бұл қадам да қолданылмайды).
ІІ. Сабақ кезінде.
8) Lesson Study сабағы.
а) оқушыларды бақылау.
ІІІ. Сабақтан кейін.
9) Оқушылардан сабақтан кейін сұхбат алу.
10) Сабақты талқылау, сабақ жоспарына өзгерістер енгізу, сабақ жоспарының жақсартылған нұсқасын дайындау.
Lesson study не үшін қажет?
L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:
- Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.
- Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.
- Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.
- Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.
- Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.
- Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.
- Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.
- Оқушының оқуы жақсарады.
- Функционалдық сауаттылығы дамиды.
- Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.
Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік. Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.
К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық. Осы жолда, алла сіздерге күш-қуат берсін!
Зерттеу сабақтарын жоспарлау
Lesson Study-да бір мұғалім белгіленген сабаққа дейін шамамен бір айда еркіті түрде зерттеу сабағын өткізу, сабақ жоспарын жазу үшін жауапкершілікті өзіне алады. Содан кейін ол сабақ жоспарын кездесуде ұсынады. Онда бір сынып немесе бір пән саласы мұғалімдері жиналады. Кездесуде мұғалімдер тобы сабақ жоспарының түзетулерін талқылайды. Талқылау барысында олар сабақты оқу жылының басында белгілейтін Study Lesson тақырыбына сай жақсартуға тырысады.
Сабақ жоспарының мысалы:
1. Сынып
2. Күні
3. Мақсаты
4. Критерилер
5. Материалдар
6. Сабақ барысы
Кіріспе
Оқушылардың назарын тартып алу
Негізгі сұрақ
Негізгі жұмыс
Қосымша сұрақ
Оқушылардың болжамды жауаптары
Қорытынды
Сабақ жоспарын тексеру
• Бөлімдері: тақырып, күні, сынып, материалдар
• Оқу мақсаттары мектептің оқу жоспарымен сәйкес келеді
• Жетістіктерді бағалау критерилері оқыту мақсаттарымен сәйкес келеді
• Кіріспе, негізгі жұмыс пен қорытынды арасындағы байланыс қадағаланады
• Оқушылардың аталған сабақ жоспарын меңгеруі
• Сабақ жоспары Lesson Study тақырыбымен сәйкес келеді
• Сабақ жоспары оқушылардың болжамды жауаптарын қамтиды
Осыған ұқсас материалдар
ҚМЖ. тапсырма, презентация, видео Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. Зерттеу сұрағы: Сырым Датұлы Кіші жүз қазақтарының қандай құқықтарын қорғауды көздеді?...
Ата-баба дәстүрі. Ата кәсібі – балаға мұра. ПРОЛОГ (көрініс)...
Тарих пәнінің мұғалімі Өскембаев Ерасыл Серікбайұлының жылдық есебі...