Сенбі
нау 23

Lesson study сабағына рефлексивті есеп

«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ

Lesson study сабағымның рефлексивті есебі

 

Мен, Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы, тарих пәнінің мұғалімі, еңбек өтілім 5 жыл 5 ай, 16.11.2023 күні және -11.12.2023 күні Lesson study бойынша сабақ өткіздім.  

2023-2024 оқу жылындағы Елтану бірлестігінің Lesson Study бойынша Зерттеу тақырыбы: Интернет платформалары арқылы білім алушылардың білім дағдысын дамыту.

Зерттеу сұрағы: Интернет платформаларын қолдана отырып білім алушылардың білім дағдысын қалай дамытуға болады?

Нысанадағы сыныбымыз: 8 «А»   

Зерттеу сұрақты негізге ала отырып, 1-ші циклда 8 «А» сыныбына «Қазақстан тарихы» пәнінен Лессон Стади зерттеуі бойынша сабақ өткізу жоспарланды. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру, жұптық, топтық, жеке жұмыстарды жасауда белсенділік танытуға үйрету, сонымен қатар пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, сөйлеу, өз ойын еркін жеткізу  дағдысын қалыптастыру болды. 

Сабаққа бақылаушы мұғалімдер мен Зерттеу тобы: А В С деңгейі бойынша зерттеуге сыныптан 3 оқушыдан жіті бақыланды.

8 «А» Сынып:

            Оқушының аты-жөні

Сынып

Деңгейі

1

С

8 «А»

А – үлгерімі жақсы оқушы.

2

Қ

8 «А»

В – үлгерімі екпінді оқушы. 

3

М

8 «А»

С – үлгерімі төмен оқушы.

Сабақ барысында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану, оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың оқуға деген ынталарын арттырғанын байқадық.

Бірінші сабағым 16.11.2023 ж. күні “ Қазақстандағы ұлттық автономиялар.” тақырыбында болды.. Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін  «Қағаз умаждау» әдісін қолдандық. Қызығушылығын ояту үшін Wordwall   платформасы арқылы өткен тақырыпты қайталау үшін тапсырмалар берілді. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстырдық. Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. Сабақтың басында мақсатты айқындап алдық. Жаңа сабақты бейнеүзінді көрсету арқылы бастадық.

1-тапсырма «Стоп кадр» әдісі арқылы сұрақтап қойып талқылап, мәтінмен жұмыс болды. ДЖИКСО әдісі арқылы екі топқа бөлініп білім алушылар бір-біріне түсіндірді.

2-тапсырма Венн диаграмма арқылы Алашорда мен Түркістан автономиясын салыстырады.

Түсіндіріп болғаннан кейін Жеке жұмыс: Картамен жұмыс жасады.

Бейнематериалдан көтерілістің болған аумағын түсініп топпен жұмыс жасады. Көтерілістің болған аумағын картаға түсіріп, бекіту үшін кесте толтырды. Рефлексия «Жақсы сұрақ» әдісі арқылы кері байланыс жасады. Неліктен...? Егер... болса қалай? Сіз қалай ...? Үй тапсырмасына берілді.     

Нәтижесінде  жалпы сыныптағы әр түрлі деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, төмендегідей қорытынды жасалды:

С деңгейіндегі оқушы:

-  Сабақтағы ынтасы орташа болды, тапсырмаларды орындау қиындық тудырды.

В деңгейіндегі оқушы:

- Алған білімін қолданып, қосымша материалдармен жұмыс жасай алды;

А деңгейіндегі оқушы:

- Топта жұмыс істеу дағдылары қалыптасқан, диалогқа түсе алады.

Сабақ мақсатына жеттік, алайда оқушылар өз деңгейіндегі тапсырманы уақытынан кешігіп орындады.

Екінші сабағым 11.12.2023ж. “ Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы.” тақырыбында болды. Тақырып айтылып, мақсатпен таныстырылды. Психологиялық ахуал орнату, топқа біріктіру «Random Group Generator» арқылы өткізілді. 3 топқа біріктірілді.  Ой шақыру. Тақырыпқа шығу үшін:

Миға шабуыл әдісі қолданылды.

  1. Оқушылардың назарына сурет ұсынылады. Сұрақ: 
  2. Сіз Қазақстан Республикасы жер көлемі бойынша дүние жүзінде нешінші орын алатынын білесіз бе?
  3. Бүгін нені қарастыруымыз мүмкін?

«Сыни ойлау мен талдау» дағдысына негізделген тапсырма тапсырма берілді. Оны бейнебаянның және мәтіннің көмегімен орындады. 

1-тапсырма. 

Картамен жұмыс.  Картадан  Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің территориясын, астаналарын анықтаңыз. Wordwall платформасы арқылы білім алушылар орындады.

Сабақты бекіту үшін «Кескін карта» және «кесте» тапсырмасы берілді. Рефлексия тақырыпқа сай Жалғастырыңыз: Маған ... қызықты болды   Бұл ... қиындық туғызды Осы ... мені ойландырды әдісі арқылы жүзеге асты. Бағалау, кері байланыс сабақтың өн бойында жүріп отырды, үй тапсырмасы берілді.  

Нәтижесінде  жалпы сыныптағы әр түрлі деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, төмендегідей қорытынды жасалды:

С деңгейіндегі оқушы:

- Сабақтағы ынтасы орташа болды, тыңдалым тапсырмасын орындауда қиналды, бірақ топтық жұмыста белсенділігін танытты.

В деңгейіндегі оқушы:

- Сабақта диалогқа түседі, бірақ бәсең, топқа берілген тапсырманы орындауда белсенділік танытты.

А деңгейіндегі оқушы:

-Белсенді болды, диалогқа түсуі өте жақсы, тапсырманы жылдам орындайды. Сұрақтарға жауап беріп, топта өзінің шығармашылық қабілетін көрсете алды. 

Сабақ мақсатына жеттік, сабақтың сәтсіз тұстары болмады.  

Lesson Study зерттеуі нәтижесінде оқушыларының бойынан :

1. Өз ойларын еркін жеткізіп, идеяларын жеткізуге дағдыланды.

2. Оқушы үнінің ескерілетіндігіне көздері жетті.

Қорытындай келе, Lesson Study сабағының тиімділігі орасан зор. Себебі, мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады, мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады, оқушының оқуы жақсарады, функционалдық сауаттылығы дамиды, қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.

 

 

 

 


Пікірлер (0)

Оставить комментарий
Меню