«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ
Lesson study сабағымның рефлексивті есебі
Мен, Сағынаева Ақбота Талғатқызы, ІІІ деңгейлі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, еңбек өтілім 3 жыл 5 ай, 20.01.2020-07.02.2020жж. Lesson study бойынша сабақ өткіздім.
Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study–дың мақсаты: оқушыларды зерттей отырып өзіндік қабілеттерін анықтау.
Lesson study ұйымдастыру үшін алдымен сыни тұрғысынан ойлауға проблемалық сұрақтарды қарастыру мақсатымен сұрақтарды тереңдетіп қоюға, дұрыс қолдануға үйрету, түсіндіріп беру; нәтижелерін бағалау үшін білімдерді қолдану, олардың ақиқаттығын анықтау; дәлелдеу, оларға баға беру сияқты актуалды мақсаттарды негізге алу керек. Зерртеуге қатысатын мұғалімдермен ақылдаса бірігіп жұмыс жоспарын бекіту маңызды. Lesson study зерттеу тобында жұмыс жасайтын мұғалімдер бірігіп сабақтың тақырыптарын анықтап болғаннан кейін бірінші сабақ жоспары құрылады, сабақ жоспарын құру барысында сыни тұрғысынан ойлауға арналған, өмірмен байланысы бар тапсырмаларды қарастыру ұсынылады. Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып қадағалайды және талдайды.
2019-2020 оқу жылындағы Lesson Study бойынша зерттеу сұрағы:
1. Оқу мен оқытуда бағалау арқылы білімді дамытуға бола ма?
2. Оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының қызығушылығын арттыру оқу мотивациясын жетілдіруге бола ма?
Осы сұрақтарды негізге ала отырып, 2-ші циклда 4 «Ә» сыныбына Лессон Стади зерттеуі бойынша «Ағылшын тілі» пәнінен өткізу жоспарланды. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін пайдалана оытырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру, өз ойларын еркін жеткізуге үйрету, жұптық, топтық, жеке жұмыстарды жасауда белсенділік танытуға үйрету, сонымен қатар диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.
Сабаққа бақылаушы мұғалімдер мен Зерттеу тобы: А В С деңгейі бойынша зерттеуге әр сыныптан 3 оқушыдан жіті бақыланады.
4 «Ә» Сынып:
№ | Оқушының аты-жөні | Сынып | Деңгейі |
1 | А | 4 «Ә» | А – үлгерімі жақсы оқушы. |
2 | Б | 4 «Ә» | В – үлгерімі екпінді оқушы. |
3 | С | 4 «Ә» | С – үлгерімі төмен оқушы. |
Сабақ барысында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану, оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың оқуға деген ынталарын арттырғанын байқадық.
Бірінші сабағым 24.01.2020ж. күн “Weather” тақырыбында болды. Сабақтың басында мақсатты айқындап алдық. Үй тапсырмасын “Matching” әдісі, сөздер мен суреттерді сәйкестендіру арқылы, оқушыларды жылдамдыққа және визуалды түрде естерінде сақтауға дағдыландыруға бағытталды. “Who is the first?” әдісі арқылы топта оқушылардың жылдам және дұрыс жауап беруіне негізделді. Жұптық жұмыс “Do your best” әдісі, оқушылардың сабақты түсініп, тиісті сөздерді қолдануға арналды. Сергіту сәтінде тақырыпқа сай видео көрсетіліп, оқушылар іс-қимылдарды қайталады. Топтық жұмыста бағалау критерийлері, дескрипторлар беріліп, Ұлыбританияның картасына, тиісті қалаларына нұсқау бойынша ауа райының символдарын дұрыс салып, оларды сипаттау болды. Деңгейлік тапсырмаларда оқушыларға таңдау еріктері берілді, оқушылар өз деңгейлеріне байланысты тапсырмаларды таңдап алып, орындады. Бағалау сабақтың өн бойында жүріп отырды. Рефлексия “Blob football” әдісі арқылы, өздерінің осы сабақтағы позицияларын таңдады. Үй тапсырмасына “My favourite season” тақырыбында шағын шығарма жазу берілді.
Нәтижесінде жалпы сыныптағы әр түрлі деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, төмендегідей қорытынды жасалды:
С деңгейіндегі оқушы:
- Сабақтағы ынтасы орташа болды, тапсырмаларды орындау қиындық тудырды.
В деңгейіндегі оқушы:
- Алған білімін қолданып, қосымша материалдармен жұмыс жасай алды;
А деңгейіндегі оқушы:
- Топта жұмыс істеу дағдылары қалыптасқан, ағылшын тілінде диалогқа түсе алады.
Сабақ мақсатына жеттік, алайда деңгейлік тапсырмаларды орындауда, оқушылар өз деңгейіндегі тапсырманы таңдамады.
Екінші сабағым 31.01.2020ж. күні “Snow and ice” тақырыбында болды. Сабақ ағылшынша жұмбақты шешуден басталды, мақсаты оқушыларды тақырыпқа жетелеу. Тақырып айтылып, мақсатпен таныстырылды. Бірінші тапсырма оқылым дағдыларын дамытуға негізделді. Топтық жұмыс ретінде, оқылымға дейін қар мен мұз тақырыбына байланысты сөздермен жұмыс жасауға берілді. Яғни, параққа тек тақырыпқа сай сөздерді жазуға тиіс болды. Оқушыларды жылдамдыққа, мұқият болуға жетелеу мақсатында мәтінді оқу оқушыларға кездейсоқ кезекпен жалғастырып оқуға берілді. Оқылымнан кейін, “Think, pair, share” әдісі арқылы сөйлемдердің қатесін түзеуге тапсырма берілді. Келесі тапсырма, оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытуға бағытталды. Берілген сөйлемдердегі бос орындардың орнын, тиісті сөздермен толықтыру. Бұл оқушылардың сараланауына арналған тапсырма болды. Келесі тапсырма заттардың қайда орналасқанын білдіретін предлогтарды қайталауға арналды. Алдымен оқушылардың предлогтарды қаншалықты естерінде сақтағандығын тексеру мақсатында, допты пайдалана отырып, позицияларды көрсету арқылы сұралды. Келесі кезекте оқушылардың өздеріне көрсетуге тапсырма берілді. “Be the winner” әдісі арқылы, топтарды жарыстыру. Яғни, презентацияда көрсетілген заттардың позицияларына топ мүшелері дұрыс, тез жауап беруі көзделді. Жеңімпаз топ анықталды. Рефлексия тақырыпқа сай “Snowman” әдісі арқылы жүзеге асты. Бағалау, кері байланыс сабақтың өн бойында жүріп отырды, үй тапсырмасы берілді.
Нәтижесінде жалпы сыныптағы әр түрлі деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, төмендегідей қорытынды жасалды:
С деңгейіндегі оқушы:
- Сабақтағы ынтасы орташа болды, тыңдалым тапсырмасын орындауда қиналды, бірақ топтық жұмыста белсенділігін танытты.
В деңгейіндегі оқушы:
- Сабақта диалогқа түседі, бірақ бәсең, топқа берілген тапсырманы орындауда белсенділік танытты.
А деңгейіндегі оқушы:
- Белсенді болды, диалогқа түсуі өте жақсы, тапсырманы жылдам орындайды. Сұрақтарға жауап беріп, топта өзінің шығармашылық қабілетін көрсете алды.
Сабақ мақсатына жеттік, сабақтың сәтсіз тұстары болмады.
Үшінші сабағым 07.02.2020 ж. күні “Healthy bodies” тақырыбында болды. Мақсатқа сай оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, тапсырмалар таңдалынып алынды. Сабақтың басы, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында видео көрсетіп, іс-қимылдарды қайталату арқылы басталды. “Brainstorming” әдісі арқылы оқушыларға сурет көрсетіп, сұрақтарға жауап беріп, оларды сабаққа жетелеу арқылы басталды. Сабақтың мақсатымен таныстырылды. “Note taking” әдісі арқылы оқушыларға видео көрсетіліп, маңызды мәліметтерді дәптерлеріне жазып отыруға тапсырма берілді. Видео көрсетіліп болған соң, сұрақтар қойылды, оқушылар видеодағы мәліметтерді айтты, сұрақтарға жауап берді. “Think, pair, share” әдісі арқылы 83-беттегі, 2-жаттығуды орындады. Берілген сөйлемдердің ішінен артық 2 сөйлемді табу тапсырмасы берілген болатын. Олар алдымен өздіктерімен тапсырманы орындап, кейін жұбымен ақылдасып, топпен ортақ шешімге келді. Келесі тапсырма постер қорғауға арналды. Бұл тапсырма топпен жұмысқа, жылдамдыққа негізделді. “Magic eyes” әдісі арқылы жаңа сөздерді оқушыларға визуалды түрде естеріне сақтауға бағытталды. Жаңа сөздерді жаттағаннан кейін, “Go to guests” әдісі арқылы осы сөздерді пайдалана отырып, топпен салат немесе тамақ жасап, қорғауға тапсырма берілді. Бағалау критерийлері, дескрипторлар ұсынылды. Сабақты қорытындылау мақсатында, “Fun flashcards” әдісін пайдаландым, оқушылар кезекпен сурет бейнеленген карточкаларды бірі-біріне айналдыра береді, мұғалім тоқтауға нұсқау бергенде, кімнің қолында карточка бар сол оқушы не бейнеленгенін айтуға тиіс болды. Рефлексия “+”, “-“, “interesting” әдісі аррқылы аяқталды. Үй тапсырмасы берілді.
Нәтижесінде жалпы сыныптағы әр түрлі деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, төмендегідей қорытынды жасалды:
С деңгейіндегі оқушы:
- Сабақтағы ынтасы жақсы болды, тапсырманы топта оқушылармен бірге жасады.
В деңгейіндегі оқушы:
- Топтағы оқушылармен, мұғалңммен диалогқа түсуге тырысты, ойлау, жазу дағдылары қалыптасқан.
А деңгейіндегі оқушы:
- Топта жұмыс істеуі жақсы, тапсырманы жылдам орындайды, әрі белсенді.
Сабақ мақсатына жеттік, белсенді әдіс-тәсілдерді түрлендіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, өзге тілді үйренуге мотвация беретіндігіне көз жеткіздік.
Lesson Study зерттеуі нәтижесінде оқушыларының бойынан :
1. Oқушылар алдымен өзара сөйлесіп алып, тапсырманың берілісін өзара түсініп алып, сосын орындауы байқалды. Яғни, өзіндік реттелуінің қалыптсақандығын білдіреді.
2. Oлар топқа бөлініп, жұптасып - топтасып жұмыс жасау арқылы өзгерді, ынтымақтастықтары артты. Cабaқ айтулары өзгерді. Caбақ айтқанда, тек оқулықтaғымен шектелмей, сабақты өмірмен байлaныстырып, постер қорғaумен aйтуға машықтана білді. Тапсырмалaрды орындау бaрысында, жұптық - топтық жұмыстың мағынaсын түсінді.
3. Бірлесіп ынтымaқтaстықта жұмыс жасауғa, ортaқ бір шешімге келуге үйренді. Tоптaсып - жұптасып жұмыс жасaуда ешкім оқшаулaнып қалмaйтынын, толық бір кісідей қатысу керектігін білді.
4. Өз ойларын еркін жеткізіп, идеяларын жеткізуге дағдыланды.
5. Оқушы үнінің ескерілетіндігіне көздері жетті.
Қорытындай келе, Lesson Study сабағының тиімділігі орасан зор. Себебі, мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады, мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады, оқушының оқуы жақсарады, функционалдық сауаттылығы дамиды, қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.
Осыған ұқсас материалдар
Білім эстафетасы...
...
Тәрбие жұмысының жоспары...