«Дублер күні» анықтамасы
«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ-де қазан айының 06 - күні мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.
Мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күнін (бұдан әрі – Дублер күні) өткізу ережесі оның мақсатын, міндеттерін, өткізу форматы мен тәртібін айқындалды..
Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
Алдын ала мектебімізде “Дублер күнін” өткізу туралы бұйрық шығарылды. Бұйрықтың негізінде мектеп әкімшілігі мүшелерінің орнына мектеп парламенті жетекшілері тағайындалды. Дублер күні кезінде лауазымы мектеп оқушысы ауыстырылатын тұлғалар оларды ауыстыратын мектеп оқушысымен егжей-тегжейлі нұсқаулық өткізілді. Алдын ала стенд дайындап, сол күні әкімшілік мүшелерінің қызметін атқаратын оқушылардың суреттеріне аты-жөндері, лауазымдары жазылып және дублер күнін өткізу ережелері ілінді. Әр пән мұғалімдері алдын ала орындарына сабақ беретін оқушылардың тізімін 10-11 сыныптардан алып берілді. Дублер күні мектептің ұстаздары тек бақылаушы ретінде сабаққа қатысты. Мектеп қызметкерлері ішкі тәртіп ережелерін сақтай отырып, өз жұмыс орындарына бақылаушы ретінде қатысты. Оқушылар үшін ерекше ұмытылмас күн болып есте қалғандарын айтты. Дублер күнінің қорытындысы бойынша өткізілген іс-шараның жағымды және жағымсыз жақтарын анықтау үшін білім алушылар мен педагогтер тарапынан айтылды.
Осыған ұқсас материалдар
...
«Жас ұлан» және «Жас Қыран» жасөспірімдер мен балалар ұйымы отырысының №1 хаттамасы...
Қазақстан тарихы бойынша тест сұрақтары мен жауаптары...