«Республика! Ерікті ел Қазақстан»
Мақсаты:
- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.
Экранда көк ту көрсетіліп тұрады
Ортаға екі оқушы шығады. (Баяу мызыка)
1-оқушы: Айзере қарашы, аспанмен таласып желбіреген көк туымыз қандай әдемі!
2-оқушы: Менің атам айтқандай көз тартарлық көгілдір түсі аспанымыздың ашықтығы мен халқымыздың адал таза ниетін айқындап тұрады.
1-оқушы: Туымыздың аспан тектес көк болуында үлкен мән бар.
2-оқушы: Көк тулы, рухты, үнді қазағым асылдай.
Екеуі бірге: Біздің ел бақытты, біздің ел осындай!
Ортаға жақындап келеді, артынан 2 «Ә» сыныбының оқушылары шығады. Ән ұран айтады.
ФАН ФАР
Ортаға жүргізушілер шығады
Жүргізуші:
Аударып жұрттың назарын,
Бардың да көрген базарын.
Жоқтын да көрген азабын,
Даладай дала Қазағым!
Алты алаштың арманы болған,
Арда елдің айбары болған,
Ең ұлық мереке Республика күні құтты болсын!!!
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі Республика күніне арналған «Республика! Ерікті ел Қазақстан» атты мерекелік салтанатты кешке қош келдіңіздер!!!
Жүргізуші:
Ақжайық, Алтай арасы,
Қазақтың шалқар даласы.
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай,
Қырманы асқар таулардай.
Республикама қарашы!
1993 жылдың 25 қазан күні ҚазССР-нің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, 2001 жылы Республика күні деп жалпақ жұртқа жария еткен болатын. 8 жыл өткен соң мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталып, арада 13 жыл өткен соң мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл мейрам ұлттық мереке ретінде қайта тойланатын болды.
Ендеше алғашқы мерекелік құттықтау сөзі мектебіміздің директоры Мусанов Ернар Жауынбайұлына беріледі.
Жүргізуші:
Сізге көп рахмет. Алдарыңызда мерекелік ән шашу «Ән ұран мен елтаңба», орындайтын 4 «А» сынып оқушысы Алтай Расима.
Жүргізуші:
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! дей келе 2 «Ә» сынып оқушыларының орындауында
Би «Отаным – қазақ елі».
Жүргізуші:
Келесі «Квартет» тобының орындауында «Жаным қазақ» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан – ұлы анам,
Есіміңді естігенде қуанам
Қазақстан – қиял жетпес биік тау,
Қазақсатн – жазғы күнгі гүл алаң. «Қазақ» биі, орындайтын 10 «Ә» сынып қыздары.
Жүргізуші:
Келесі ән_ «Мен қазақпын», орындайтын Тілеукен Бақдәулет.
Жүргізуші:
Желбіре туым желбіре,
Көргенде сені қуанам.
Мақтан қып сенің сәніңді,
Атманмен алыс атанам.
Желбіре туым, желбіре,
Әлемге жетсін шуағың.
Өзіңді ұстап қолыма,
Қасқайып төрде тұрамын. келе 5 «Ә» сынып оқушыларының орындауында «Жаса Қазақстан» биі.
Жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. Ән «Егемен Қазақстан», орындайтын 6 «Ә» сынып Әділбекқызы Айжан мен 4 «А» сынып Алтай Расима, қабыл алыңыздар!
Қазақстан, Қазақстан – алтын күн,
Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен «Қазақ» деген халқыңның дей келе келесі ән, «Көк тудың желбірегені» орындайтын 5 «Ә» сынып оқушылары.
Жүргізуші:
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Ала таудың күндерін.
Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл менің – дей келе бүгінгі 25 қазан – Республика күніне арналған ұлттық мерекелік салтанаттыымыз аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар! Туған жеріміздің тұғыры мәңгі биік болсын!
Осыған ұқсас материалдар
7 сынып БЖБ Қазақстан тарихы XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы » бөлімі бойынша жиынтық бағалау...
Сынып сағатының жоспары ҚМЖ...
...