Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы 1995 жылдың 7-ші қарашасында Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Әкесі Өскенбаев Серікбай Естібайұлы қазір зейнеткер, анасы Өскенбаева Нұрсұлу Нүрпейісқызы үй шаруасында және төрт әпкесі бар. Жұбайы Өскембаева Құралай Сержанқызы Талдықоған қаласы № 14 орта мектеп гимназиясында тарих пәнінің мұғалімі. Ұлы Серікбай Айхан Ерасылұлы 2021 жылы 1-қыркүйекте дүниеге келді. Қызы Серікбай Айғаным Ерасылқызы 2023 жылы 17-сәуірде дүниеге келді.
2003 жылдың 1-ші қыркүйегінде Талдықорған қаласындағы № 15 орта мектептің 1 сыныбына қабылданды. Аталған мектепте бір жыл білім алып 2-ші сыныпта, яғни 2004 жылдың қараша айында отбасымен аталған қаланың Мүшелтой шағын ауданына көшуіне байланысты қаладағы № 17 орта мектепке қабылданып, сол мектепті 2014 жылы аяқтады. Мектеп өмірінде түрлі іс-шараларға қатысты және спортпен де айналысып, біраз жетістіктерге жетті. Төртінші сыныптан бастап «Грек-Рим» күрес түрімен айналысып көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Республикалық деңгейдегі түрлі жарыстарға қатысып «Джиу-джитсу» спорт түрінен спорт шеберіне үміткер деген атаққа ие болды және волейболдан облыс деңгейіндегі жарыстарға қатысқан. 2014 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетіне тарих мамандығына оқуға түсіп оны үздік (қызыл) дипломмен аяқтады. Университет қабырғасында жүргенде бірнеше мақала жазды. Атап айтқанда, 2017 жылы «Жансүгіров тағылымы» республикалық ғылыми тәжірибелік конференциясына қатысып, сол жинақта «Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың салдары» тақырыбында мақаласы жарық көрді. 2018 жылы «XXI ҒАСЫР: ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯ» атты жас ғылымдар мен білімгерлердің республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Украинадағы голодомор мен Қазақстандағы ашаршылық: салыстырмалы талдау» тақырыбында мақаласын қорғап оны жинаққа шығарды. 2016 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы «Тарих» мамандығы бойынша VIII Республикалық пәндік олимпиядасына қатысқан. Сонымен қоса, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университеті ұйымдастырған II Халықаралық археология және этнологиядан пәндік олимпиядаларына қатысып, жүлделі 3-ші орынға ие болды. Университет қабырғасында сонымен қоса археологиялық экспедицияларға да қатысқан. Атап айтсақ, 2015 жылы Алакөл археологиялық экспедициясына, 2016 жылы Қарқаралы археологиялық экспедициясына белсене қатысып,археология ғылым саласы бойынша тәжірибие жинақтады. 2018 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің тарих мамандығын аяқтады.
Бала күнінен армандаған ұстаз болу арманы орындалып, оқуын бітіре сала Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектепке жұмысқа қабылданды. Қазіргі таңда осы мектепте «Тарих» пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеуде. Еңбек өтілі 4 жыл.
Аталған мектеп қабырғасында жүргелі әр-түрлі іс-шараларға қатысып және ұйымдастырып, өзінің белсенділігін таныта білген. Lesson study зерттеу тобының мүшесінің бірі. Санаты: педагог-модератор.
Жетістіктері:
Қалалық «Жас маман – 2019» байқауынан Бас жүлдені иеленді;
Алғыс хат Талдықоған қаласының әкімі Е. Жасыбаев 2021 жыл;
Құрмет грамотасы кәсіподақ ұйымы атынан 2020 жыл;
Құрмет грамотасы Талдықорған қалалық білім бөлімі атынан 2020 жыл;
Алғыс хат «Nur Otan» Талдықоған қалалық филиалы 2020 жыл;
II дәрежелі диплом Е.Б. Бекмаханов I Республикалық «Қазақстан тарихы» олимпиядасы, Алматы 2019 ж;
Оқушы жетістіктері:
Сәбитқызы Айым II дәрежелі диплом «Жеңіс тарихы» сайысында, жетекшісі Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы 2021 жыл 12 мамыр;
Нүсіпахмет Арнұр III дәрежелі диплом Қалалық олимпиада, жетекшісі Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы 2020 жыл;
II дәрежелі диплом «Аңыз адам – Балпық би» атты «BRAIN-RING» зиаткерлік ойнында, жетекшісі Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы 2020 жыл;
Жабаева Айым Сертификат «Географиялық және тарихи-туристік өлкелерге саяхат» инт електуалды ойын, жетекшісі Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы 2021 жыл 24 ақпан;
Маратқызы Арайлым I дәрежелі диплом Қалалық ғылыми жоба конкурсында, жетекшісі Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы 2021 жыл;
Маратқызы Арайлым III дәрежелі диплом Облыстық ғылыми жоба конкурсында, жетекшісі Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы 2021 жыл;
II дәрежелі диплом Маратқызы Арайлым Е.Б. Бекмаханов I Республикалық «Қазақстан тарихы» олимпиядасы, жетекшісі Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы Алматы 2019 ж;
II дәрежелі диплом Шайзада Іңкәр Е.Б. Бекмаханов I Республикалық «Қазақстан тарихы» олимпиядасы, жетекшісі Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы Алматы 2019 ж;
II дәрежелі диплом Серикова Алима Е.Б. Бекмаханов I Республикалық «Қазақстан тарихы» олимпиядасы, жетекшісі Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы Алматы 2019 ж.
Абай атамыздың:
«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап» өлең сөздерін өмірлік ұраны ретінде ұстанып келеді. Өзінің ақылы мен еңбегінің арқасында ақырындап жетістіктерге жетіп келеді.
Қазақ елінің «Үш Бəйтерегі» саналатын Жетісулық І.Жансүгіров, Қостанайлық Б.Майлин жəне Ақмолалық С.Сейфулиннің шығармаларын, өлеңдерін жастайынан оқып келеді. Сол қазақтың зиялыларына еліктеп, солар сияқты қазақ елінің бір бəйтерегі, қазіргі заманның зиялысы болсам ба деген арманы бар.
Мекен-жайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылдық округі, Еңбек ауылы, Талапкер көшесі, 13-үй, 4-пәтер. Ұялы телефоны: 87073542545.
Менің жетістіктерім
Осыған ұқсас материалдар
...
...
«Баланың мектептегі алғашқы күндері» оқу практикасы бойынша жазбаша есебі 2023-2024 оқу жылы...
