Жұма
Мамыр 03

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Балалар шексіз әлемде» атты тақырыбына орай өткізілетін іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Балалар шексіз әлемде» атты тақырыбына орай өткізілетін іс-шаралар жоспары

Өткізілетін орны: Акт зал 

Өткізілетін күні:  13.12.2023ж

Басталуы: 9.00

 

1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті оқушылар, ұстаздар, қадірменді қонақтар!   Бүгінгі еңсесі биік, егемен елдің жарқын үмітін ақтар жас ұрпақ.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қолдау мақсатында  «Балалар шексіз әлемде» атты байқауына қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі-біздің жетістігіміз сондықтан бүгінгі «Балалар шексіз әлемде» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

(Мемлекеттік әнұран орындалады) 

 

1-жүргізуші: Көк байрағым желбірейді елімде,

Қалықтасын қыран құсы көгімде

Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,

Әуелесін Қазақстан жерінде-дей келе байқауымыздың мақсатымен таныс болыңыздар! 

  1. Тәуелсіздіктің 32- жылдық мерекесіне   орай тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңдігінен сыр шерту;
  2. Білім алушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін , өнерін дамыту ;
  3. Балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету.

                 

2-жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
 Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
 Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
 Тәуелсіз Қазақстан – елім менің –дей келе бүгінгі байқаудың ашылу салтанатына орай құттықтау сөз кезегін 
 қонақтарымызға берсек!

1._____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3._____________________________________________________________

1-жүргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
                         Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
                         Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нық сыналар. Байқауымыздың әділ бағасын беретін қазылармен таныстырып өтсек.

1._____________________________________________________________

2.____________________________________________________________

3._____________________________________________________________

4.____________________________________________________________

 

2-жүргізуші: Байқаудың өткізу шарттарымен таныс болыңыздар!

 Байқау 2 кезеңнен өтеді.

  1. «Сурет» бойынша әр оқушы Тәуелсіздік күніне орай А3 форматта салу қажет.
  2. «Вокал» жанрында қатысушылар сахнада патриоттық ән орындайды. Ән жанды дауыста айтылуы қажет.

1-жүргізуші: Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 5 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Жинаған сан ұпайы бойынша жас орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегерлері анықталады. 

2-жүргізуші: Олай болса І-кезеңімізді  бастауға рұқсат етіңіздер! «Сурет» бойынша әр оқушы Тәуелсіздік күніне орай А3 форматта суреттерін таныстырады.

ІІ-кезең  «Батыр биі»

1- жүргізуші:    Құлақтан кіріп бойды алар, 

                            әсем әнмен тәтті күй, 

                            Көңілге түрлі ой салар

                            Әнді сүйсең менше сүй.- деп Абай атамыз жырлағандай байқауымыздың 2-кезеңін бастаймыз.

 

 

 

2-жүргізуші:  Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

                          Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

                          Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге

                          Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей келе бүгінгі сайсымызды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі!

   

(Ән)

 

1-жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын, 

                         Өмір-күрес жеткізе ме мұратын, 

                         Жеңілдім жеңбедім деп ренжімегің, 

                         Қатысу да бір жеңіс жан болсаң сен ұғатын,- дей келе жеңіске жеткен қатысушыларды құттықтаймыз, ал қалған қатысушыларда келесі сайыстарда жетістіктерге жетуге тілектеспіз! Осымен бүгінгі «Балалар шексіз әлемде» атты байқауымыз өз мәресіне жетті. Келгендеріңізге көп-көп рахмет! Сау-саламатта болыңыздар!

 


Пікірлер (0)

Оставить комментарий
Меню