Мен және менің құқығым.
Адамдар арасындағы байланыс ия дара тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері үйлесім тауып, әлеуметтік норманың шекарасынан тыс шықпау үшін өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді жете білу шарт. Сонымен, құқық-жалпыға ортақ қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп нормаларының жиынтығы деп тұжырымдай аламыз. Мен де қандай құқықтар бар?
Жарық дүниеге шыр етіп келген сәттен бері біз белгілі бір құқықтар жүйесіне тиесілі боламыз. Ең алғашқысы-өмір сүру құқығымыз. Бұл мәселе Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының бірінші бабында тілге тиек етілген, «Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс». Сондықтан, барлық адамдардың терезесі тең, дүниеге келгеннен бері азат әрі ешкімге тәуелді емес екенін түсінуге болады.
Егер атап өтілген декларациясының екінші бабына назар аударсақ, біздің этникалық, діни ерекшеліктерімізге байланысты ешқандай шектеулер қойылмайтыны талассыз шындық екенін аңғарамыз. «Әр адам, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық, немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, тектік-топтық, немесе басқа да жағдаяттарға қарамастан осы Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарға алаланбай, бірдей тең ие болуы тиіс.»
Егер кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтары жөнінде ой қозғасақ, ешкімнің тарапынан балаға деген жәбірлеу, экономикалық жағынан қанауға құқығы жоқ екеніне көзіміз жетеді. Баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация желілері және (немесе) онлайн-платформалар пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер жіті бақыланады әрі бұл факторлар орын алса жәбірлеуші заң алдында жауап береді.
Қорытындылай келе, құқық нормалары білім алуға, денсаулық сақтауға, отбасы құрып оны қалыптастыруды қамтамасыз ететін, адам өмірінің қауіпсіздігін сақтайтын маңызды тәртіп ережелері деген тобықтай түйінге келеміз.
Осыған ұқсас материалдар
БЖБ 2- тоқсан 7 сынып Қазақстан тарихы БЖБ № 2...
Fast machines Сабақ жоспары Ағылшын тілі 4 сынып...
...