Сейсенбі
нау 26

Ата-аналар жиналысының Хаттамасы №1

Ата-аналар жиналысының

Хаттамасы №1

 

Күні, айы, жылы: 27.10.2023 жыл

Барлығы 19 ата-ана, Қатысқаны-13 ата-ана

Күн тәртібінде:

1.Баяндама .Тәрбие тал бесіктен.(баяндамашы сынып жетекшісі Өскембаев Е.С.)

2.Бірінші тоқсан қорытындысы 

3. Әр түрлі мәселелер.

Жиналыс барысы:

І. Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Өскембаев Е.С. баяндама оқыды. Баяндама барысында балаға тәрбие  осы күннен басты назарда болу керектігін және бала тәрбиесінің ерекшеліктері  тағы басқа да мәселелер жөнінде  және де осы мәселелерге жауапты ата-аналар мен ұстаздар екенін ерекше айтып өтті.

Шығып сөйлеушілер:

  1. Алдунгарова А. (ата-ана): Баяндамада өте жақсы айтылған, мен өзім 2 бала тәрбиелеп отырмын, қазіргі дамыған заманда бала тәрбиесіне ерекше мән беруіміз керек. Әйтпесе бала әртүрлі ақпараттар ағымында кетіп қалуы  мүмкін.
  2. Рахымберлинова Е. (ата-ана): «Тәрбие тал бесіктен» дегендей,   бала тәрбиесіне алдымен ата-ана өзіміз жауаптымыз.  Балаға ерекше, әдейі уақыт арнап қарау керек.  Бұрынғы замандай өздері өседі деу қиын, өйткені қазіргі заман техника заманы, мәліметтер жан жақтан беріліп жатыр, сондықтан балаға  дұрыс жөн сілтеп, тәрбие беру  біздің міндетіміз.
  3. Сынып жетекшісі  Өскембаев Е.С. тәрбие   тал бесіктен басталатынын  ерекше ескертті.

ІІ. Сынып жетекшісі Өскембаев Е.С. екінші мәселе туралы сөз қозғады. І оқу тоқсанының қорытындысы  бойынша әрбір оқушының дамуы,  қабілеттері жөнінде айтты.  Сыныптағы 19 оқушының  білімі мен тәртібіне тоқталды.                                         

Шығып сөйлеушілер:

1. Конакбаева Ж. (ата-ана): Жансаяның сабағын қадағалап отырамын, бірақ күндіз жұмыста боламын. Сол уақытта үйде өзі қалады, әжесі оқытады. Жұмыстан келген соң міндетті түрде сабағын сұрап қадағалап отырамын.

2. Советханқызы А. (ата-ана) Аружанның сабағын үнемі қадағалаймын. Баламның сабақ оқығанына, тапсырмаларды өз бетімен ізденіп орындайтынына риза боламын.

3. Қажиақпарова Б. (ата-ана) Сұлтан ерке, еріншектеу. Өз бетімен оқыған уақытта тез көзімен бір шолып оқиды.   Сұлтанды сабақтан тыс уақытта өзіңіз ерекше қарап, қадағалап отыруыңызды сұраймын.

Әрбір ата-ана балаларының тәртібі мен сабақ үлгерімдеріне, үйде сабаққа қалай дайындалатыны жөнінде тоқталып өтті. 

ІІІ. Сынып жетекшісі Өскембаев Е.С. мектепте болып жатқан өзгерістерге тоқталды. Алда ІІ оқу тоқсанында ашық есік күндері болатынын айтты. Сол күндері балаларының сабағын, оқу әрекетін бақылап көруге болатынын айрықша ескертті. Сонымен қатар оқушыларды сабаққа кешіктірмей   жіберуді, жеке бас тазалықтарын қадағалауды, сабақтан қалдырмауды, үнемі өзімен байланыста болуды ескертті. Каникул күндеріндегі балалардың қауіпсіздігіне ата-аналардың жауап беретіндігін ерекше ескертті.

Қаулы етті:

І. «Тәрбие тал бесіктен» тақырыбындағы баяндама еске алынсын.

ІІ.  Оқушылардың тәртіптерін және сабақ үлгерімдерін   басты назарда ұстаймыз.

 

Жиналысты жүргізген:                         

Хатшы:                                                   

 


Пікірлер (0)

Оставить комментарий
Меню