Сейсенбі
Мамыр 21

Жылдық есеп 2023-24 оқу жылы Өскембаев Е.

«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар»  №22 орта мектеп КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарих пәнінің мұғалімі Өскембаев Ерасыл Серікбайұлының жылдық есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023-2024 оқу жылы

Тарих пәнінің мұғалімі Өскембаев Ерасыл Серікбайұлының жылдық есебі

 

Мен 2018 жылдан бастап аталған мектепте тарих пәнінің  мұғалімі болып жұмыс атқарып келемін. Педагогикалық қызметіме жауапты және шығармашылықпен қарауға тырысамын. Бүгінгі таңда еңбек өтілім 6 жыл.  Жұмыс істеген уақытымда оқушыларға білім мен тәрбие беруде біраз тәжірибе жинақтадым.

Мақсатым:

Қазақстан тарихын оқытуда заманауи білім беру технологиялары негізінде сапалы білімді қамтамасыз ету, оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету және мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін ашу. Халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу.

Міндеттерім:

  1. Оқушылардың білім сапасын көтеру және мектеп түлектерін ҰБТ-ға тыңғылықты даярлау, олимпиадаға, әр түрлі сайыстарға қатысатын дарынды оқушылармен дайындық жұмысын жүйеге келтіру;
  2. Ақпараттық технологиялар және жеке бағдарланған оқытудың технологияларын белсенді қолданумен сабақты жүргізудің әдістері мен түрлерін жетілдіру;
  3. кәсіби шеберлік деңгейімді көтеру, шығармашылық бастаманы ынталандыру (семинар, өзара сабаққа қатысу, тәжірибе алмасу).

 

Қазіргі дамыған қоғам мұғалімдерден бәсекеге қабілетті оқушыларды дайындауды талап етуде. Заман өзгерген сайын өз пәніме оқушы қызығушылығын қалай арттырам деген сұрақ үнемі көкейтесті мәселе, әсіресе негізгі пәнінің маманы болғаным үшін, үнемі толғаныс пен ізденісте жүремін.

Сондай-ақ мектеп тәжірибесінде педагогикалық ұжымда Назарбаев интеллектуалды мектептерінің жанында деңгейлік оқу бағдарламаларын меңгеріп келген әріптестеріміздің коучингтеріне қатыса жүріп, балаларды топтық және диалогтік оқытудың маңыздылығына көзім жетті.

Биылғы 2023-2024 оқу жылында осы бағытта жұмыстар жасап жүрмін, кедергілер аз емес. Сабақтың сәтті шығып берілген материалды меңгертуде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынасқа тікелей байланысты. Бұл менің әр сабағымда басшылыққа алатын қағидам. Сабақтарымда оқушыларға қолайлы жағдай туғызып, үнемі ынтымақтастық атмосфера жасауға тырысамын. Дегенмен, сәтсіз шығатын сабақтар да кездеседі. Ондай кезде қандай қателік жібердім, нені өзгертуім керек деген сұрақтарға қазіргі күндегі оқушыдан алынатын «Кері байланыс» оң ықпал етуде. Сабақтың қай бөлімі ұнады, қандай тапсырмалар қиыншылық тудырды, не ұнамады, нені өзгерту керек деген сұрақтарға оқушылардың берген жауаптарын талдау арқылы қол жеткізудемін. Оқушы үні бүгінгі таңдағы менің ең басты көмекшім. Оқушы ойымен санаса отырып, өз сабақтарымды жоспарлаймын. Есесіне нақты сабақтар сәтті ұйымдастырылып, өз нәтижесін беруде. Қазіргі таңда тарихқа қызығатын оқушыларым өз еңбектерінің нәтижесін әр түрлі олимпиадаларда және жоба жұмыстарында көрсете алды. Атап айтқанда

 

Оқушыларымның жетістіктері:

 

1

Қазақстан тарихы пәнінен дәстүрлі VI Республикалық қашықтық олимпиадасы 2024 ж. Зарутай Сұлтан

   

2024 ж.

I дәрежелі диплом.

2

Қазақстан тарихы пәнінен дәстүрлі VI Республикалық қашықтық олимпиадасы 

I дәрежелі диплом 2024 ж. Темірбек Едіге

2024 ж.

I дәрежелі диплом.

 

3

 

Қазақстан тарихы пәнінен дәстүрлі VI Республикалық қашықтық олимпиадасы 

I дәрежелі диплом 2024 ж. Серікжанқызы Арайлым

2024 ж.

I дәрежелі диплом.

4

Қазақстан тарихы пәнінен дәстүрлі VI Республикалық қашықтық олимпиадасында үздік нәтиже көрсеткені үшін «ЖАС ТАРИХШЫ» номинациясымен Зарутай Сұлтан марапатталады 2024 ж.

2024 ж.

НОМИНАЦИЯ

5

Қазақстан тарихы пәнінен дәстүрлі VI Республикалық қашықтық олимпиадасында үздік нәтиже көрсеткені үшін «ЖАС ТАРИХШЫ» номинациясымен Темірбек Едіге марапатталады 2024 ж.

2024 ж.

НОМИНАЦИЯ

6

Республикалық «Қазақстан тарихы» пәні бойынша «Тарих ата» олимпиадасы III дәрежелі диплом. Мұратбекқызы Әйгерім.

2024 жыл

III дәрежелі

 

Жұмысымның бір бөлігі өз білімді жетілдіруге бағытталған. Өз білімімді жетілдіру мақсатында әр түрлі конференцияларға, семинарларға, олимпиадаларға қатысып отырамын. 2023-2024 оқу жылы бойы YouTube  канал жүргіздім. Жеке ютуб (Erasyl Oskembaev) каналым бар. Ол каналда жаңартылған әдіс-тәсілдер, платфомалар, жобаларға арналған түсіндіру видеоларын салып отырамын. Жеке Ютуб каналым монитизациядан өткен. Оған дәлел АҚШ- тымен келісім жасағаным. Қосымша табыс алып келіп отыр. 4 мыңнан астап адам ютуб каналыма тіркелген.  

 

 

 

Өз біліміді жетілдіру және өз әдістемемді әріптестермен бөлісу мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргіздім:

 2024 жылдың 17 қаңтар  күні Талдықорған қаласы «№23 орта мектеп» базасында тірек мектептер мен серіктес мектептердің жұмыс барысында білім беру мазмұнын жаңарту үрдісін мониторингілеу және жаңа жүйе бағдарламасы бойынша педагогтардың біліктіліктерін арттыру жұмыстарын жүргізу бойынша  «Lesson study-ды жоспарлау, үйрету және өткізу»  тәжірибе алмасу мақсатында  география пәнінің мұғалімі М.Бауберикова 9 сыныпта география пәнінен шебер сынып өткізді.    Биология пәнінің мұғалімі Г.Бөкенова, ағылшын тілі пән мұғалімі А.Сағынаева, физика пән мұғалімі М.Құдайбергенов, тарих пәнінің мұғалімі Е.Өскембаев,  әдіскер А.Садбаева зерттеу сабағынан кейінгі бақылау жүргізу әдістерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.

 

11.10.2023 күні өткен Табысты педагогтер шеберханасы атты семинарында «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбында зерттеу сабағын өткіздім. 

 

 

 2023-2024 оқу жылы бойынша мұғалімнің  жетістіктері және өткізген іс-шаралары

Іс-шара  атауы

Уақыты 

    Нәтиже

 

1

 

«Жетісу ұстазы-2024» байқауының қалалық кезеңінде «БАС ЖҮЛДЕ»           

2024 ж. 

 

Диплом

2

 

Республикалық "ПедСтарт" байқауында I дәрежелі диплом. 2024 ж

2024 жыл 

I дәрежелі диплом

 

Сабаққа қажетті қолданбалар, QUIZIZZ-тест пен дидактикалық ойындар атты шағын жинағымды жасадым.

     

2023-2024 оқу жылында өзімнің жеке сайтымды аштым. Сайтымның аты izdempaz-edu.kz 

 


«Желтоқсан оқиғасы –тәуелсіздік бастауы» атты «Елтану» онкүндігінің жоспарына сәйкес 19.12.2023 күні Бұл зат кімге бұйырады..." интеллектуалды ойынын жүргізді. Оқушылар тарихтан бар білімдерін ортаға салды. Алғырлықпен топты жарып шыққан оқушылар тәттілермен марапатталды.

 Мақсаты: оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру, ізденіппаздыққа, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу, бос уақыттарын тиімді пайдалану, танымдық білімдерін арттыру, озық ойлы оқушылар қалыптастыру.

 

                

 

«Желтоқсан оқиғасы –тәуелсіздік бастауы» атты Елтану бірлестігінің онкүндігі аясында «Тәуелсіздіктің тура жолы – білімде» атты танымдық сайысы өткізілді.

 


Мақсаты:

Оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуға ынталандыру. Қазіргі ғылыми білім негізінде дүниежүзінің өркениет құндылықтарымен қарулануға ниеттерін қалыптастыру.

 

 

 

 

2023-2024 оқу жылындағы Елтану бірлестігінің Lesson Study бойынша Зерттеу тақырыбы: Интернет платформалары арқылы білім алушылардың білім дағдысын дамыту.

Зерттеу сұрағы: Интернет платформаларын қолдана отырып білім алушылардың білім дағдысын қалай дамытуға болады?

Нысанадағы сыныбымыз: 8 «А»   

Зерттеу сұрақты негізге ала отырып, 1-ші циклда 8 «А» сыныбына «Қазақстан тарихы» пәнінен Лессон Стади зерттеуі бойынша сабақ өткізу жоспарланды. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру, жұптық, топтық, жеке жұмыстарды жасауда белсенділік танытуға үйрету, сонымен қатар пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, сөйлеу, өз ойын еркін жеткізу   дағдысын қалыптастыру болды. 

Сабаққа бақылаушы мұғалімдер мен Зерттеу тобы: А В С деңгейі бойынша зерттеуге сыныптан 3 оқушыдан жіті бақыланды.

8 «А» Сынып:

            Оқушының аты-жөні

Сынып

Деңгейі

1

С. А.

8 «А»

А – үлгерімі жақсы оқушы.

2

Қ. Б.

8 «А»

В – үлгерімі екпінді оқушы. 

3

М. М.

8 «А»

С – үлгерімі төмен оқушы.

 

Lesson Study зерттеуі нәтижесінде оқушыларының бойынан :

1. Өз ойларын еркін жеткізіп, идеяларын жеткізуге дағдыланды.

2. Оқушы үнінің ескерілетіндігіне көздері жетті.

Қорытындай келе, Lesson Study сабағының тиімділігі орасан зор. Себебі, мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады, мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады, оқушының оқуы жақсарады, функционалдық сауаттылығы дамиды, қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.

 

Өз білімімді жетілдіру мақсатында коучингтерге, қалалық, облыстық семинарларға қатысып, өзіме қажетті мағлұматтар мен әдіс-тәсілдер меңгердім. Қазіргі күнде атқарылған істерімді жалғастыра отырып, оқушыларыма топтық жұмыстарды жүргізуді және дарынды оқушылармен жеке жұмыстар шығармашылыққа бағыттай отырып жүргізуді өзіме мақсат етіп қойдым. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін мектебімізде қолайлы жағдай жасалып, мұғалімге мектеп басшысының, әдіскердің және тәжірибелі мұғалімдер тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. 

 

Толық нұсқасын көріп жүктеп алу үшін төмендегі сілтемені басыңыз!  

esep-zhyldy-2023-24-ou-zhyly-skembaev-e.docx [5.15 Mb] (Жүктеу саны: 67)

Пікірлер (0)

Оставить комментарий
Меню