Жұма
Мамыр 03

«Жас ұлан» және «Жас Қыран» жасөспірімдер мен балалар ұйымы отырысының №1 хаттамасы

«Жас ұлан» және «Жас Қыран» жасөспірімдер мен балалар ұйымы отырысының

№1 хаттамасы

 

Күні: 19.09.2023ж

Төрайымы: 

Хатшысы: 

Қатысқандар: «Жас Ұлан», «Жас Қыран» белсенділері, ұйым мүшелері

 

Күн тәртібінде:

  1. «Жас ұлан» және «Жас Қыран» жасөспірімдер мен балалар ұйымының 2023 – 2024 оқу жылына арналған жоспарымен таныстыру;
  2. 2023 – 2024 оқу жылына мектеп «Ұланбасын» сайлау қорытындысы;
  3. Әр сыныптан «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» белсенділерін сайлау, тізімін алу
  4. Әр түрлі мәселелер.

 

Тыңдалды:

        Бірінші мәселе бойынша, мектеп педагог - ұйымдастырушысы Г.Туйебаева ұйымның   2023 – 2024 оқу жылына арналған жоспарымен таныстырып өтті. Мектепішілік, қалалық, облыстық іс – шараларға қатысуға, белсенділік танытуға шақыра отырып, елжандылыққа, мәдениеттілікке, адамгершілікке баулу мақсатында көптеген қоғамымызда болған жағдайларға мысалдар келтіріп, отырысқа қатысушылармен пікір алмасты, биылғы жылы атқарылартын шаралармен таныстырды. Ұйым жетекшісі ретінде АӘД пәнінің мұғалімі М.Тұрысбеков сайланды. 5-10 сынып жетекшілері бірауыздан қолдау көрсетті.

       Екінші және үшінші мәселе бойынша, мектеп «Ұланбасы» сайланып, 1-4 сынып аралығында «Жас Қыран» белсенділері және 5-10 сынып аралығында «Жас Ұлан» бесленділері сайланып, тізімі жасалды. 2023 – 2024 оқу жылына мектеп «Ұланбасы» болып, 48% дауыс жинаған           10 «Ә» сынып оқушысы Нұрлан Айлу сайланды. Сайлауға мектеп директоры Е.Мусанов, мектеп ұстаздары және мектеп оқушылары белсенді түрде қатысып, өз дауыстарын берді. 

«Ұланбасына» және ұйым мүшелеріне ұйымның мақсаты, міндеті, қызметі түсіндірілді. Әр түрлі мәселелер бойынша, топ мүшелері атқаратын жұмыстар  жайлы ой бөлісті, тізімі алынды.

 

Шешімі:

  1. «Жас Ұлан» және «Жас Қыран»  ұйымының 2023 – 2024 оқу жылына арналған жоспары бекітілуге ұсынылсын;
  2. Мектеп «Ұланбасы» ретінде 10 «Ә» сынып оқушысы Нұрлан Айлу және «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» белсенділерінің тізімі бекітілсін;
  3. Ұйым жетекшісі ретінде АӘД пәнінің мұғалімі М.Тұрысбеков, отырыс хатшысы 8 «А» сынып жетекшісі Г.Бөкенова жүктелсін.

 

 

 

    Отырыс төрайымы                     

     Хатшысы                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жас ұлан» және «Жас Қыран» жасөспірімдер мен балалар ұйымы отырысының

№2 хаттамасы

 

Күні: 

Төрайымы: 

Хатшысы: 

Қатысқандар: «Жас Ұлан», «Жас Қыран» белсенділері, ұйым мүшелері

 

Күн тәртібінде:

  1. 2-ші тоқсанда атқарылатын іс – шаралардың өткізілуі туралы;
  2. 16 - желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара өткізу;
  3. «Таза ғаламшар» акциясы туралы түсіндерме жұмыстары;
  4. Әртүрлі мәселелер

Талқыланды:

      Бірінші мәселе бойынша, педагог – ұйымдастырушы 2-ші тоқсанда атқарылатын іс – шаралар жоспарымен таныстырып өтті. Жоспар бойынша қандай жұмыстар жүргізілу керектігі айтып өтілді.

     Екінші мәселе бойынша, ұйым тәлімгері мен ұйым мүшелері 16 – желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін іс-шаралар жайында кеңесті.   Іс – шараларды жоспарымен танысты. Іс – шара барысында кезекші топтарды сайлау туралы айтылды;

     Үшініші мәселе бойынша, ұйым мүшелеріне берілген «Таза ғаламшар» атты акциясының өтілуі жайында айтылып өтті. Акцияның мақсаты: Алматы облсысында жылына шамамен қанша мөлшерде батарейка, пластика тасталынатынын анықтау. Акцияға «Ұланбасы», министрлер және «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйым мүшелері қатысты. 

Әр түрлі мәселелер бойынша, өзін – өзі басқару ұйым мүшелері бірлесіп, мектеп айналасындағы қарт кісілермен сұхбат жүргізіп, ауласын тазартып басқа да көмек көрсету. 

Шешімі:

  1. 2-ші тоқсанда атқарылатын іс – шаралар жоспарымен таныстырылсын. Жоспарды іске асыру ұйым мүшелеріне жүктелсін.
  2. 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс – шараның жоспары құрылсын. Іс – шараны іске асыру ұйым мүшелеріне жүктелсін.
  3. «Таза ғаламшар» акциясы «Жас Ұлан» мен «Жас қыран» ұйымы белсенділеріне жүктелсін. 
  4. Мектеп айналасындағы қарт кісілермен сұхбат жүргізілсін. Ауласын тазарту сияқты көмектер көрсетілсін. 

 

 

                 Отырыс төрайымы                        

                                 Хатшысы                       

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (0)

Оставить комментарий
Меню