Бейсенбі
нау 28

Миссиясы және пайымы

ІІІ. Миссиясы және пайымы

 

 

Мектептің миссиясы – Рухани құндылықтарға негізделген терең білімді меңгерту арқылы өмірлік ұстанымы мен отансүйгіштік қасиеті қалыптасқан, білім мен ғылым саласында функционалды сауатты жеке тұлғаны тәрбиелеу және оқытуға ықпал ететін қолайлы білім беру ортасын құру.

 

Мақсаты – Мектептің білім сапасын арттыруға бағытталған үлгерімі төмен білім алушыларды үлгерімі жоғары білім алушыларға теңестіру жұмыстарын жүргізу. Білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, тиімді және сапалы білім беру. Оқушыларды халықаралық және Ұлттық зерттеулерге қатысуға дайындау арқылы (PISA,TIMSS, т.б) дарынды балаларды анықтап конференцияларға, олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатыстырып  функционалды сауатты жеке тұлға болып қалыптасуына көмек көрсету. Оқыту мен оқу үдерісінде   мұғалімдердің кәсіби шеберлігі арқылы пәнді терең меңгерту, жобалық жұмыстарды жүргізу арқылы оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүйелі жүргізу, мұғалімдердің құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесін мониторингілеу.

 

Міндеттері:

  1. Білім алушылардың тұлғааралық қатынастарындағы төзімділікті қалыптастыру, өздігінен білім алу және жан-жақты  шығармашылық қабілетілігін  дамыту; 
  2. Жеке тұлғалықты, зияткерлікті, адамгершілікті, және руханилықты білім алушылардың бойында дамытуға жағдай жасау;
  3. Білім алушылардың бойында азаматтық-отандық сезімдерді қалыптастыру, өз елінің тарихын және мәдениетін құрметтеу, қазақ тілін, тарихын, қазақ халқының мәдениетін, жалпы адамгершілік ережесін, рухани байлылықтың сұранысын қалыптастыру;
  4. Білім алушылардың функционалдық сауттылығын қалыптастыру;
  5. Білім алушылардың ғылыми жоба жарыстарына пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамассыз ете отырып, дарынды тұлғаны дамыту;
  6. Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті, жеке тұлға қалыптастыру;
  7. Мектептің оқу-тәрбие және білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру арқылы білім алушылардың оқу дағдыларының жақсаруына ықпал ету;
  8. жобалық жұмыстарды жүргізу арқылы оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүйелі жүргізу;
  9. Мектептің білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында, материалдық-техникалық базаны жақсарту; 
  10. мектептегі әрбір тұлғаның мәдениетін арттыруға және VUKA әлеміндегі өзгерістерге тез бейімделе алатын қабілеттерін жетілдіруге бағытталған оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру;
  11. оқыту мен оқу үдерісінде мұғалімдердің кәсіби шеберлігі арқылы пәнді терең меңгерту;
  12. мұғалімдердің құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесін мониторингілеу;
  13. Әлеуметтік – психологиялық көмекті оқушыларға жеделдету.
  14. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзышулық шараларының алдын алу

 


Пікірлер (0)

Оставить комментарий
Меню